Жалындап тұрып-ақ жанары,
Булығып, ішінен жылайды.
Алмадай домалақ анары,
Әлі де ұнайды, ұнайды.
Мақтадай мап-мамық еріні,
Дәмі – бал, сүйгенде еріген…
Ол бүгін бір үйдің келіні,
Біреуді бағына теліген.
Жұп-жұмыр, шыбықтай белінен,
Ең алғаш мен бейбақ құшқанмын.
«Сүйемін» деп айтып «сені мен!»
Ал бүгін «ойыннан» тыс қалдым.
Уақыт не деген ақымақ?
Ол қыздың әлі де жаны – гүл.
Өзгенің қойнында жатып-ақ,
Ол мені сүйеді бәрібір!
Advertisements
Мам 28, 2011 @ 10:09:05
керемет Табиғат, менің өміріме ұқсайды екен!
Мам 28, 2011 @ 18:58:18
Менің өміріме ұқсамаса екен…Суретті ауыстырсаңыз болар еді…
Мам 29, 2011 @ 14:29:35
әдемі. бірақ, бір түрлі боп қалдым (
Мам 29, 2011 @ 16:34:14
Блог құтты болсын. Қатарымызды көбейттің. Мына қызың біртүрлі екен. Жарайсың.
Мам 31, 2011 @ 00:39:23
Рахмет пікірлеріңізге!!! Болмай қалған сокурсник, Ниетіңе рахмет!)))