Негізі, мына жүгермек блогына өлең өргізе берді ғой деп сөгуіңіз мүмкін, мейлі ғой, ол сіздің шаруаңыз, ғафу етіңіз, сізге ұнаса да, ұнамаса да))) мен тағы бір өлеңді блогыма тықпалап отырмын… …бәлкім… деп аталады. Оқи отырыңыз…

…бәлкім…

Кеберсіп барады мүлде,
Ерніңе сүйеген ерін.
Өзгені құшақтап түнде,
Өзіңді сүйе беремін.

Жасырын нөмірден күнде,
Қоңырау шаласың неге?
Жасырын нөмірден түнде,
Қоңырау шаламын неге?

Үнсіздік… жымиыс… тосын,
Бұл бәлкім – өлімнің үні.
Демігу… күрсініс сосын,
Бұл бәлкім – Өмірдің мұңы.

Бөрідей аласұрған ұлып,
Өтуде өзіңсіз әр күн.
Бақиға енген соң күліп,
Бақытты болармыз бәлкім.

(ескерту: Сурет Қалдықыздың блогынан алынды)

Advertisements