Манчестер Юнайтед – Барселона 2:0

Бүгін «Уембли» стадионынан маза кететін күн. Иә, қаны қызу ағылшын фанаттары араға бірнеше сағат салып, футбол спектаклін тамашалайды.

Анығырақ айтсақ, осыдан жиырма бес жыл бұрын «қызыл сойқан» «Манчестер Юнайтедтің» тізгінін ұстаған Сер Алекс Фергюсон мен каталониялық «Барселонаның» тізгінін қолына алған Гвардиола бапкер бүгін чемпиондар лигасының бас бәйгесіне таласады. Сонымен ел не дейді? Иә, жұрттың пікірі екі ұшты. Букмекерлік кеңсенің тілін алған біраз фанаттар «барселонаның» мысы басым екенін айтса, ағылшындық стилбдегі аяқдопқа «сынып» қалған ағайындар «Манчестер юнайтед» футболшыларының мұрнынан қан кетсе де, манкуниандықтардың жеңетініне сенім білдіреді. Мен «Манчестер юнайтедтің» өз тарихында төртінші мәрте чемпиондар кубогын жеңіп алатынына сенемін. Егер «қызыл сойқандар» осы жылғы клубтар арасындағы ең беделді кубокты жеңіп алса, онда, бұл 25 жыл бойы «МЮ» үшін отқа түсіп, маңдайынан шым-шым тер шығарған Фергюсон бапкерге үлкен сыйлық болмақ. Қысқасы, мен «Манчестерге» жанкүйер боламын. Сіз ше? Меніңше, манкуниандықтар екі доп айырмасымен жеңуі керек…

Advertisements