Екеуміз де армандар да көп еді,

Көрсетпедік сол Арманға төбені.

Жарты жолдан сапарымды тоқтатып,

Жалған намыс неге мені жеңеді?

Жалған намыс неге сені тежеді?

Себебі…

Көп еді…

… Қара түннің…

ҚАРА менің қойынымда тұншықтың.

Содан соң, үздігіп, жыладың…

…суындың, ысыдың, түршіктің,

…неліктен осы сен қырсықсың,

неліктен осы мен қырсықпын?!

Біз бәлкім жібіміз –

Өмір толқынында иірілген –

ҰРШЫҚТЫҢ!

…адастық, жол таптық, талай біз,

Жап-жас ғасыр ширегіндегі –

Ағарған самаймыз.

Неліктен Жүректі Жазалап,

Сезімді Түрмеге қамаймыз…

Жолығар әлі де талай жан…

Талай қыз…

Бұл бәлкім ең соңғы кездесу…

Жо-жо-жоқ…

………………………………………

Себебі біз соны қалаймыз…

Advertisements