Теннистен үлкен дулығалы жарыстардың ішіндегі ең беделді турнирлердің бірі Роллан Гарос та өз мәресіне жетті. Бұл дода басталмай тұрып, букмекерлік кеңселердің құлағын бұрап тұрғандар Новак Джоковичтің аты озатынын құмалақ шашып, біліп қойғандай сайрап еді…

Жоқ! Бұл жолы да 25 жасар испандық Рафаэль Надаль ерледі. Кеше финалда әлемнің үшінші ракеткасы әйгілі Роджер Федерермен бақ сынасқан Надаль қарсыласын бұйым көрмей төрт сетте 3:1 есебімен жеңді. Бұл кездесуде көргенде арманда, көрмегенде арманда. матчта алуан түрлі интрига болды. Брейк дейсіз бе, қарымта брейк дейсіз бе, қысқасы, қуырдақтың көкесінің бәрі болды. Ал, Надальдің ойыны…

Керемет! Сөзбен айтып жеткізу қиын. Бір ғана сөз! ЖАРАЙСЫҢ РАФА! БАНУС, РОДЖЕР!

Advertisements