Ел болған соң қызық та көп болады екен. Гу-гу, зу-зу әңгімелер толастамайды… Соның бірі маған қатысты болып шықты. Қайдан білейін, ауыл болғасын апта соңында барып тұратыным бар. Сосын бұрын жұмыс істеген жұмыс орныма кіріп шығатын ғадетімнен де арыла алмай-ақ қойдым…

Өзім де әзілқоймын ғой. Кейде өзіме де обал жоқ. Иықтан күліп жүріп бәрін бүлдіретінім бар. Ара-тұра мұнда нағып жүрсің дегендерге қалжыңдап: «Өткенде жұмыс уақытында ішіп отырған жерімнен бастық ұстап алып жұмыстан шығарып жіберіп еді, сонымен жұмыс іздеп жүрмін» деп те қыртып қоятынмын. Көп қыртқанымның кесірі болу керек, жуырда ауылға барып, редакцияда жүрсем жүзі таныс бір жігіт келіп: «Осында жұмыс істеп жүрсің бе?» деді. Мен: «А, иә, екі-үш ай болды» деп қалжыңдай салғаным сол екен: «Брат, сені ішіп Тараздағы жұмысынан шығып кетіпті» деген әңгімені естіп едім, сол рас па?» дейді сабазым…

Ал кеп, қызыл тілімді бұрайын… Одан түк пайда жоқ, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарап кетіпті. Қысқасы: «Табиғат ішіп кетіпті» қой, ішімдікті доғарайын, ха-ха-ха.

 

Advertisements