Әркімнің санасы, жүрегі, түйсігі, пайымы әр нәрсені қалап тұратыны бар. Мен де қол бос кезде отырып алып музыка тыңдайтыным бар. Бұрын ғой, даңғұр-дұңғыр, ләп-ләп, ләк-ләк даңғазаларды да тыңдай беруші едім. Қазір жас ұлғайды ма, талғам өзгерді ме, әйтеуір, шөл даланы су алғандай, 180 градусқа айналып түсіп, классикалық музыкаларды тыңдайтын ғадет шығарып алдым.

 Содан не керек бір жылдан бері Иога́нн Хризосто́м Во́льфганг Теофи́л Мо́цартпен жақсылап достасып алдым. Моцарт болғанда Моцарттың әруағымен емес, (ха-ха-ха) шығармашылығымен әрине…

Иә, Моцарттың шығармашылығы терең гуманистік ұғымның жемісі. Оның музыкаларынан өмірге деген, адамдарға деген үлкен махаббатты аңдаймыз, рухани әлемге де тұнып тұр! Мелодияларындағы жүректің қылын шертетін нәзік иірімдер ше? Әйтеуір оның мелодияларын тебіренбей тыңдау мүмкін емес. Рас, Моцарттың шығармашылығы өз дәуіріндегі туындылардың көшбасында тұрды…

Мен әлбетте музыкант емеспін, бірақ, кезінде Чайковкий, Пушкин, Рубинштейндердің өзі мойындап кеткен Ұлы данышпанның мелодияларын тыңдап отырмын. Дәл қазір жүрегімнің бір түкпіріне тығылып алып, реквиемді тыңдап отырмын сіз ше? (Моцарт туралы толыққанды алдағы уақытта жазатын боламын).

Advertisements