Бұл кім деп ойланып қалмаңыз, мен ғой, баяғы мен, сәл қартайып қалғаным болмаса ))) сол баяғы табиғатпын, әнеукүні Мақпал тауына  шыққынымызда осы тастарды орынтаққа ұқсатып, түсе салғанмын (фото Алтынбек Қартабайдікі). Танымай қалсаңыз да өкпе жоқ, бірақ бір ауыз сөбен өзге емес, өз жайымда өзім айта салайын дегенім ғой… енді өлеңді оқи салыңыз… Мариана –

Түпсіз терең шұңғыма ойдан жалықтым,

Айсберг-жүрегіме мекендепті алып мұң.

Таңертеңмен тереземнен күлім қағып жарық күн,

Талып-талып естіледі үні кешке табыттың.

…шынымен –

Жалықтым, кірледі кіршіксіз көңілім,

Бес күннің шеткері тұсында күлкі де, төрі – мұң.

Меридиан маңында өткелек тұр іздеп өмірім,

Экватор шалғайда қалды ма?..

Күттірмей кел енді, Өміршең – Өлімім…

Сені аңсап, қарашығы суланды жанардың,

Сені аңсап, таусылды, талайлы тағдырға тағар мін.

Ей, жалған өзіңнен таппаған бақытты күндерді,

Тар шеңбер, аядай, табыттың ішінен табармын…

Advertisements