Сүйірі – сиректеу, бұрыштар – доғал тым.

Жорғалар шаңдатып өтеді топ алдын.

Амалсыз әзірге өлімді Өлтіріп,

Өмірмен тағы да Көңілдес боп алдым.

 

…құрлығым Көңілге шаттық боп себілдің,

О, менің көкзеңгір неліктен көгім – мұң?

Өмірім – Өмірден жалығып бір сәтке,

Қойнында жатыр ол – Көңілдес –

Өлімнің!..

 

Өмір ме, зулаған, тоқтатшы, әй, оны.

Манағы сөзімнің барлығы жай еді…

Өлікке айналып кетермін мен де ертең –

Себебі Өлімім – Біреудің әйелі!

Advertisements