Құйттай кезімізде не жазбадық. Сол жазбалардың 90 пайызын жыртып та тастаған шығармын қазір. Сол жыртылған өлеңдердің ішінен «аман» қалған мына өлеңді оқи салыңыз.

Қарға-ғұмыр

Дала тыныш. Қара түн,

Көгімде жұлдыз күледі.

Жапалақ қаққан қанатын,

Мезгілін ұшар біледі.

Долданып жатыр көл мына,

Өмірге сірә, өкпелі.

Маңайға арай толды да,

Бүгінім тағы өтпеді.

Бақытты сол бір шақтарда,

Сырғитын уақыт, зырлап күн.

Салынып кейде мақтанға,

Болмашыны да жырлаппын.

Көңілде көктем орнайтын,

Мен оны көрген кездерде.

Алдамшы сезім болмайтын,

Бірақ ол соны сезген бе?..

Құшағын дала жаяды,

Сағынып мені қалғандай.

Тәкәппар таулар баяғы,

Аласарып қалғанба-ай.

Түйісіп қалып ерніміз,

Құштым да сені, өптім мен.

Сары дала – келді күз,

Ғайып боп көзден, кеттім мен.

Сарсаңға түскен жай мына,

Махаббат майдан – күтпеді.

Иектеп мені қайғы да,

Құзғын бұл өмір бітпеді.

Көңілім бір сәт жадырап,

Шерімнің бәрін ұзаттым.

Десем де ойым, арым – ақ,

Қарға ғұмырым – ұзақ тым.

Advertisements