Кім қалай бағаларын қайдам, бірақ тұңғыш рет, эксклюзив ретінде сиясы кеппеген судай жаңа өлеңді сіздердің орталарыңызға «лақтырғанды» жөн деп ұйғардым. Режиссерлік шешімді де))) басқа кесімді де айтатын өздеріңіз)))

Жымиған қоп қоңыр мұңмын

Реңі тым солғын тағдыр,

Жетектеп жүрсің бе мені.

Жанардан құлаған жаңбыр,

Сен едің қайғының Меңі…

 

Шаңыңа шомылдыр көше,

Таптағам төсіңді талай.

Бақытты адамдар неше?

Қаптаған Бал ай….

 

Бақытқа талпынып мен де,

Ойнағам ойынын Түннің.

Шаттансам күлкіме сенбе,

Жымиған қоп-қоңыр мұңмын.

 

Реңі тым солғын өмір,

Қасымнан қашпашы, менің.

Күйікке көмілген көңіл,

Досыңмын сенің…

 

Адасып жолынан мүлдем,

Қыршыннан қиылған пәктік.

Маған да миықтан күлген,

Жеткендей ақтық…

 

Жалғасып ең соңғы ойын,

Басталды партия соңғы.

Бүлініп тағы да ойым,

Жылынған Жүрегім Тоңды.

 

Маңдайым соғылған тасқа,

Бар екен көретін күні.

Бүгінгі құрбаны басқа,

Шымылдық сыртында түні.

 

Жолыққан бағым боп мәңгі,

Бір түндік болып тұр ғұмыр.

Атырдық тағы бір таңды,

Арғысын ойлама, түңіл.

 

Бір түнге байланған бағы,

Бір дауыс естілді қырдан,

Мен іздеп кеттім бе тағы,

Бір түндік ойынға құрбан.

 

Сүйем деп Сүймеген қызды,

Сезімі тас қамал – Кеден.

Табиғат тағдыры Тұзды –

Жиіркендім сенен…

 

Advertisements