Мұны неге жағымпаз жыр деп отыр деулеріңіз кәдік. Расында мен бүгінгі Астанамызбен мақтанамын, оны жақсы көремін. Алайда, базбір «пилосоптар» Астанаға арнау жазған ақындардың сыртынан ғайбат айтуға ынтық. Жағымпаз дейді, басқа дейді. Кім не десе о, десін. Бұл өлең облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған мүшәйрада жеңімпаз атанған еді. Жағымаз деп қабылдасаңыз да, ақын деп қабылдасаңыз да өз еркіңіз… Пышақ сіздің қолда… Үкім де…

Бәйтерегім менің!

Қатпарлы бұлттар баспаған көгін,

Тамырда тулап таспаған кегім.

Арқа төсінде әйбат қалам бар –

Армандай асқақ Астанам менің!

Қараөткел тұсында іргең қаланған,

Тарихтан терең ғибрат алам-мән.

170 жылдан соң Астана болған,

Айналдым айдай, арман қаламнан.

Майрыла қалса әйтеуір бір белім,

Маңғаз дүниені қайтер ең елім.

Эйфельден асқақ, Биг-Беннен биік,

Бейбітшілік тұрағы –

Бәйтерегім Менің!

Бала арманмен тек алға ұмтылған,

Жыр тиегін ағытсам, көмей құлқыннан.

Ерке Есілде еркелей жүзем бір,

Бағдарлы болашақта батыл бұлқынған.

Төксе егер әлем бізге заһарын,

Төңкеріп қалай Туды жатамын?

Ереуіл атқа ер салмай мініп,

Қорғаймын елдің нұрлы шаһарын!

Жалын да атқан жастары өрім,

Жымысқы ойлылар баспаған төрін.

Гүл дидарыңмен көркейе берші,

Армандай асқақ Астанам менің!

Майрыла қалса әйтеуір бір белім,

Маңғаз дүниені қайтер ең елім.

Эйфельден асқақ, Биг-Беннен биік,

Бейбітшілік тұрағы –

Бәйтерегім Менің!

Advertisements