Жаңа медиа деген статус алып сықайып шыға келген интернет журналистиканың есігінен сығалай еніп, сынайлай кіруге ұмтылған жаңа сайт та жұрттың көшінен қалмайын деп тұсауын кесті. Қоғамның ішіне төгілген қоясын ақтарып, жұрттың жүйкесін шымырлатар шындықты шырқырата жеткізуді, әдеби әлемнің әлегін де, сәлемін де әспеттеп тұрып оқырманның құлағына құюды, жас қаламгерлердің жазбаларын жамиғаттың назарына ұсынуды, кез келген саладағы сұрқиылықтың бетпердесін жұлып алуды көксейтін сайттың атауы – kultobe.kz.

Жаңадан интернет әлемінің есігін қаққан сәби сайттан бұдан да бөлек алуан тақырыптағы мақалаларды оқитын боласыздар, ендеше Күлтөбеге келіңіздер, ағайын! Сайттың бас редакторы Нұржан Туғанбай, шеф-редакторы Табиғат Абаилдаев, әдебиет әлеміннің шұңғымасына терең бойлайтын жас та болса, жасамыс))) журналист Данияр Әлімқұл және өзгелер сіздердің көңілдеріңізден шығатын мақалаларды жариялап отыруға бар күшін салатын болады!

Advertisements