Тізгіндей білсең тіл де тұсалады. Бірақ кейде тілді де, сезімді де зынданнан суырып алып, махаббаттың аралына қойып кететініміз бар. Сезім барабанын соққан сол бір кезден бір үзік естелік төменде сізге телміре қарап тұр, оқи салыңыз…
Екеуміздің демімізге тұншығып
Антарктида.
Көз ұшында көлбеңдейді алып мұз,
Түз желіне тоңбай біз ақ қалыппыз.
Мұз үстінде еркелесіп, өбісіп,
Оқшауланып, құшақтасып алыппыз.
Антарктида.
Бес ақ құрлық, бес ақ түрлі кеңістік,
Алтыншысын мекен еттік, өбістік.
Тек мұзбенен құрсауланған бұл құрлық,
Тек біз үшін қапырық түз, ең ыстық!
Антарктида –
Бұл ғаламат Табиғаттың көрігі,
Оны келіп сүймесе де Африканың еріні.
Екеуміздің демімізге тұншығып,
Алып мұздың бір бөлігі еріді.
Там 09, 2011 @ 17:14:15
Сезімнің алып мұзды ерітетіндей күш екеніне күмән жоқ…
Там 09, 2011 @ 17:31:46
Мен де солай шығар деп қоям
Там 22, 2011 @ 13:00:37
Енді Аляскага бір барып келші, Таби))))))))))))))))))
Там 22, 2011 @ 13:08:25
Аляскаға, сосын Марсқа, сосын Плутонға)))
Қыр 15, 2011 @ 22:17:59
Ауылға қашан?)))
Қыр 19, 2011 @ 10:48:56
Ертең)))