Айта-айта айтудан да жалықпайтын болды дейтін шығарсыз. Мейлі, құй сеніңіз, құй сенбеңіз, осы біз Көк Туымызды көкте желбіреткеннен гөрі онымен ойынымыз осылғанша «ойнап» масқаралаудан жалықпайтын болып алған сияқтымыз. Өткенде ғой, теріс ілінген туды жазып, артынша доптағы байрағымыздың суретін көріп, көкірегіміз қарс айрыла жаздағаны. Енді міне, шайтанарбаның орындығына көк Туды «желімдеп», жапсырып қоятынды шығардық.
Ал, шайтанарбаға жамбасымызбен жалпиып отыра қалатынымыз еске түссе, еріксіз жылағың келеді екен. Ал, әйтпесе! Мемлекеттік рәмізімізді сыйлаған сықпытымыз осы болса, амал нешік? Сіз мына суреттерді көріп отырсаңыз, бағжаң қаққан көзіңіз шайтанарбаның орындығындағы Көк Туға, сосын сол байрағымыздың басты логотипі саналатын күн астында қалықтай самғаған қыран құсқа түседі. Екіншісі яғни, қыран құстың суреті Шымкенттің сырасының «текеткасында» «тіксінбей» тұр.
Шыны керек, жаһандану дәуірінің көшін бастаған, алуан ұлттан құралған АҚШ өздерінің туын «белсебедке де», допқа да салып, жарнамалап жатса, олардың шоу құмар халық екенін, құрама штат екенін ескеріп, үндемейміз. Оның сыртында қайдағы американдықтар үшін сөз айтып нағыламыз деген де ой көкейде атойлап тұрады. Ал, тумысынан өршіл, батыл саналатын жаугершілік заманның өзінде Абылайдың байрағын жерге түсірмеген қаһарман халықтың бүгінгі жалғасы саналатын біздің буын көк Тудың қасиетін түсінбей аяқасты етсе не дейміз? Бет шымшимыз да, «Ұят болды» деп қоя саламыз ба?
Жоқ, олай болмас! Қалай болған күнде де бұл мәселеде тұяқ серпитін сәт туған секілді. Айтпақшы, жаңағы байрағымызды орындығына баттита жапсырған шайтанарбаларды біздің шаһардың «жүгермектері» де «айдап» жүр. Біз көзбен көргенімізді жайып салып, көкірегіміз көздегенді айтып тастадық. Сіз не дейсіз?
Там 08, 2011 @ 10:14:31
Жарап жжүрсің сен бала. Так держать.
Там 08, 2011 @ 15:07:34
Жарағымыз кеп жүр
Там 08, 2011 @ 15:22:12
Расымен, не боп барамыз?! Масқара ғой. Ертеңгі күні ішкиімдерді де туымыздың түсімен, белгісімен шығарса үндемей қаламыз ба? Рәміздерді қорғауға тиісті заңымыз қайда қалмақ?… Жалпы оның керегі не? Немқұрайдылығымыз ғой түбімізге жететін осы.
Там 08, 2011 @ 17:49:07
Дәуім айтса, жауым айтпағаны)))
Там 08, 2011 @ 17:24:08
Ай сен осы тонкерилген туды таптиштеп жаздын, откенде допка танбаланган рамизимизди де ашынап сызгыладын! Енді мине тагы сайтанарбанын сидениесине салынган суретти де сынап отырсын! негизи жарайсын расында! тек орынга таласып, олкылыгынды корсетпсенш Таби брат! Атак мыкты игитсин гой))) келеси жолы тагы кандай жерге жапсырылган рамизди табар екенсин, жаза бар, жаза бер!
Там 08, 2011 @ 17:49:56
Оу, бәлепан, ондай әңгімелерді айтпасай)))
Там 08, 2011 @ 17:50:52
Оу, бәлепан келіпті ғой)))
Там 08, 2011 @ 17:40:03
Дұрыс. Жазу керек, сонда нәтиже шығады.
Соны шығарған компанияның басшысын, дизайнерін белсебеттің орындығын алдырып тастап айдату керек.
Там 08, 2011 @ 17:52:11
Досмағұлов айтса, дұрыс айтады
Там 08, 2011 @ 18:06:08
demokratia dep jyrip depressiaga ywirap jatir goi bizdin ylttik degen bolmisimiz eldik degen erekweligimiz…. oilandik. jazdik.aittik.al natijenin aylil tyyyyyyyyyy antarkdiaga ketip ysip olgen siakti goi)))))
Там 08, 2011 @ 20:05:49
Дұрыс. Қанша жазылып жатыр. Жалпы қазақ мүддесіне келгенде ешкімнің елең еткен тұсы байқалмайды. Блоггерлер бір адамдай-ақ жазып жатыр. Былқ етер біреуі жоқ…
Там 09, 2011 @ 09:06:56
Күндердің күнінде былқ етер
Там 23, 2011 @ 16:21:18
Arine namisimizga tietin jagdai.Wini kerek ultwil,namisi men ar-uiatin kawan da biuk koiatin or halkimizga bul jaraspas kilik ekenin moindauimiz kerek.Waitannin suinan el tanbamizdi korip iwtei kursinetin edik endigi kunde velosipedten de jelbiregen kok tuimizdi koremin dep oilamagan edim…Osidan kein bizdin ultwildigimiz kaida?Ultwil bolip koringimiz kelgenmen osilai olkiligimizdi korsetip jatatinimiz.Buninarti nege aparip sokpak ???Osinday dunielerdi eskerip aitudan jalikpaitin sizge Allanin nuri jausin!