Кешіріңіз…

Біз жиектен жылай құлаған,

Метеорит – сый боламыз.

Жерде де жанарын жасқа бұлаған,

Пендеміз күннен, түннен, сырт-сырт сағат үнінен –

Жиған аңыз.

Жерге елші боп келген соң,

Пендеауи тірлікке көндігіп, лажсыз иланамыз.

Жансыз боп келгенмен,

Жан бітіп, сүйіп қалып, ал жүрек күйіп қалып,

Тентіреп, қыр кезіп, қиналамыз.

Содан соң… Қорқыттың қобызынан…

Сарнай жөнелетін…

Беймәлім күй боламыз.

Жүрекпен сүйгенмен, екіге айрылып,

Бір-бір үй боламыз!

Солай ма, ДИНАРА ҚЫЗ!?.

Сол түні күнәһар болсақ та,

Күн жылжып өзгеге сыйланамыз.

Кешіріңіз, сізді сүйген жартыңыз бар!

Ендігәрі мені кеп қинамаңыз.

Қинасаңыз: Бәрібір сезімімнің сұйылған әні,

Ол енді желдей желіп, шарлаған – құйын даланы.

Мені қоя қойыңыз,

Өзіңізге тым қатты қиын болады.

Мен енді ерімеуге бекінемін, Сіз де мені мазаламаңыз,

Өтінемін…

P. S. Екеуміз де бұ дүниенің қонағы,

Сөйтсек дұрыс болады!

Advertisements