Құрылыс күнінің ізін суытпай, аяқдопты ермек еткендер жасыл алаңда «қырылысты». Облыстық жастар орталығы мен студенттік құрылыс жасақтарының төрағасы Ерлан Байқұловтардың бастамасымен өткен турнирге бетіміз бүлк етпей, 4 әуесқой команда қатысады деген соң, «заяпка» беріп келіп жібердік. Сөйтіп жарыс болады деген «Скарлет» дүкенінің маңындағы ойын алаңына делебеміз қозып жетіп барғанбыз. Сөйтсек, қалалық чемпионатта шағын футболдың  шаңын қағып жүрген кіл сен тұр мен атайын командалар осында өріп жүр. не бір арамызда футболшымыз жоқ, ол аздай команданың мүшелерін таба алмай шыр пыр болып, жігіттерді жинадық ау. 12 команданың 10-ы мықты. Бақсақ алаңда далақтап жүгіретін біздің команда мен жастар орталығының командалары сияқты көрінді.

ЖОҚ, олай емес екен! «Достар» командасы мен тепкен добы қақпа торын қақыратып өте шығатын «ТармПИ» командасымен бір топқа түстік. С тобында өнер көрсеткен біздің команда алғашқы ойынын «Достар» командасына қарсы өткізді. Нұржан Туғанбай, Нұрболат Әлдибеков, Дәулет Төленді, Ғани Сүгірәлиев секілді ойыншылардан құралған біздің жігіттер де намысты қолдан бермеуге барын салды. Шынын айту керек, күнделікті шағын футболға сығымдап терін беріп жүрген «Достар» командасы алғашқы минуттардан ойын тізгінін қолға алды.

Бірнеше мәрте  қауіпті соққы жасаған олар біздің қақпаның кілтін таба алмай дал болды. Ойын меридианынан аса бастағанда есін жиған арайлықтар да шабуыл ұйымдастыруды қолға алды. Ұрымтал тұстардың бірінде Нұржан Туғанбайға Табиғат Абаилдаев тамаша пас шығарды. Әдемі пасты қақпаның оң жақ бұрышына шегедей қадаған Нұржан әдемі гол соғып есеп ашты. Осыдан соң, матчтың орбитрі ойынды сағыздай созып, бүйрегі «Достарға» бұрса да біздің команда өзіне қажетті есепті ұстап тұрмай ғана бірнеше қаувіпті шабуылдар ұйымдастырды. алайда есеп өзгерген жоқ 1:0 . Сенсация!!! Бұдан соң қалалық чемпионаттың шаңын қағып жүрген «ТармПИ» командасына қарсы ойын өткіздік. Ол ойында алдымен ТарМПИ-ліктер есеп ашса, Нұржан Туғанбай шығарған пасты қажетіне жаратқан (блог иесі) Табиғат Абаилдаев есепті теңестіріп кетті. Ойын тап осылай аяқталар ма еді? Егер біздің команда күтпеген жерден екінші допты жіберіп алмағанда. Бірақ бұдан кейін де біздің жігіттер жасыған жоқ. Бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырдық. Бірақ топтан шыға алмадық. тіпті қақпашымен бетпе-бет қалғанда доп сала алмай бармағымызды шайнап қоя жаздағанымызды қайтесіз? Қысқасы үздік төрттікке ене алмай, 10 кәсіпқой команда қатысқан додадан 5 орынды иелендік. Жүлдемен қатар, турнирдің үздік ойыншысы атағы маған бұйырды. Әредік қыртып қоятынды шығарған Нұржан Туғанбай мұны естіген соң, «менің жүлдемді саған беріпті ғой» деп жымиып қойды. Иә, ))) туғанбайдың жүлдесін «тартып алдым». )))

Advertisements