Түр-басы — ұсқынсыз, болмысы – бөлек тым,
Жанары – ұшқынсыз, арыны – өр екпін.
Санасы – сұйылған, ойлары – жеңілтек,
Сұлбасы – портреті – тым ұзын — ТЕРЕКТІҢ…
Болмысы – бөлектеу — Ғаламның Ол үшін жат бәрі.
Ғұмырдың Түйсігін түсініп,
Тірліктің Табалдырығын аттады.
Бақидің тілінде тілдеспей,
Фәнидің ТЫМ ҰЗАҚ ЖОЛДАРЫН
Жаттады.
…ғаламның АЛТЫНШЫ ҚҰРЛЫҒЫ –
Тек соның МЕКЕНІ.
Қалған БЕСЕУІ –
Маңынан маңайлап өтеді.
ӨТЕДІ-КЕТЕДІ.
Бәлкім…
ТОҚПАҚТАП –
ТҮБІНЕ ЖЕТЕДІ.
… Оның Үні –
Ғаламға әуез боп таралған.
… Оның жүрегі –
Еттен емес –
Танталдан жаралған.
… Оның дерті –
Ауруханада емес –
ПОЭЗИЯ ПАЛАТАСЫНДА
ҚАРАЛҒАН…
Жанары –
Темірдің МҮСІНІ.
Талабы –
Тектілік ПІШІНІ.
Тірлігі тым баяу –
Ісі ІРІ.
Ол Тәңірдің Құрбанға шалған –
Ең соңғы түсігі…
Бұған ДОС, көнбегін көн мейлі,
ОЛ ЕНДІ ӨЛ – МЕЙ – ДІ!!!

Advertisements