Біздің ұжымда Есет Досалы деген аңқылдақ азамат бар. Тіпті, аузын ашса, жүрегі көрінеді. Оның өкпелегені де, бұртиғаны да қызық. Газеттің пілі атанып кеткен ағамыз қайбір күні бет қатталып жатқанда ашуланып былай деп еді: «нөмірге 16 мақала жызып едім сегізі ақ шығып бара жатыр әйтеуір маған ақ жау тиіп тұрады» деді бұртиып.  Есекеңнің осындай «қышыма» әңгімелері көп.

«Тити екеуміз түкке түсінбедік»

Өткен жылы ҚР чемпионатының кезекті турын өз алаңында өткізген «Тараз» футбол клубының бапкерлері ойын соңынан болатын баспасөз мәслихатына жаңа футболшы Тити Ессомбаны ала келіпті. Тілі орысшаға орашалау Есекең матч туралы жазған мақаласының соңын баспасөз мәслихаты өтті деп аяқтаса керек. Мұны көрген бас редактор Болат Бекжанов Есетті шақырып алып: «Ай, Есетжан баспасөз мәслихатында не айтылды» десе, есекең еш қиналмастан: «Білмедім аға, бәрі орысша сөйледі ғой, бірдеңелер айтып жатқан. Бірақ Тити екеуміз түкке түсінбедік» деп қойып қалыпты.

«Салат турап жеп отырсыз ба, каритаға»

Бір күні Есекең Халит есімді шенеунікке қоңырау шалып: «Ассалаумағалейкум Халит аға, салат турап жеп отырсыз ба, каритаға» депті арғы жақтағы адамның тамақ жеп отырғанын меңзеп.

Advertisements