Біраз болды, блогқа қарауға шама келмеді. Енді міне күрең күз келді. Бұл күз де бізге бір жақсылығын әкелсін. Айтпақшы мына өлеңді қазір жаза салдым. Бағасын бересіңдер, қайдасыңдар, бармысыңдар, блоггерлер?

Самғау

Арманыма түнеу күнгі жетсем де,

Талды қармап, түн елесін құшамын.

Сынағыңнан сүрінбей ақ өтсем де,

Мен өзімді тұсадым.

Туласам да тентек құсап мен неше,

Қылығыңа тұсаламын қылықтым.

Сызып тастап өткенімді мен кеше,

Неше мұңды, кешегімді ұмыттым.

Мен мұңымның елесіне елітіп,

Бұрындары өкінер ем, налар ем.

Қапа қыла алмайды енді мені түк,

Жанарыма сыйып кетті бар әлем…

Мені енді Шолпан жұлдыз өбеді,

Достым мені отыр деме, тасып тым,

Сөзімнің бір нақ мысалы, себебі:

Хор қызына ғашықпын!

Advertisements