Іркіліп тағы да қалды,

Жүрісі өнбеген пақыр.

Өмірден жазасын алды,

Сен оны тәртіпке шақыр.

 

Жүрісі өнбеген пақыр,

Адасып жүр екен неден?

(Ол бүгін өлгелі жатыр

Өтіне құйылып өлең)

 

Жүрегі темір де, әлсіз,

Тым нашар бүгінгі күйі.

Өмірді сүріп ақ ЖАНСЫЗ,

Ғашық боп қалады жиі.

 

Мұңына жабысып міні,

Тергейді тіршілік оны.

Құлдырап адами құны,

Түгесілді киноның соңы.

 

Адасса адами жолдан,

Жаратқан, сен оған Жар ең.

Бола тұр, тағы да Қорған,

Таниды оны ертең әлем…

Advertisements