Жүзіңе байланған жанарым,
Өгей қып тастады бәрін.
Ертеңге мен жалғыз барамын,
Болмайсың бәрібір жарым.

Жаныңды жегідей жеген,
Білемін бір мұңың ерек.
… жауабын сұрама менен,
Жауабы: «Адасу керек».

Өртеніп жүрсің-ау жалғыз,
Жұптасып жатқанмен түнде.
Біреуге біз бәлкім жармыз,
Енді сен табалап күлме.

Жалғанның Ақылы Ұзын,
Ақынның Пайымы тым ТАР.
Жүректен өткізіп:
Сезімнің СЫЗЫН,
Таппадым, жамылғы қымтар.

Көзімен қарасам Ойдың,
Өткенді ұмыту Оңай.
Жолдары Тағдырдың ойдым,
Әй, қойшы… бәрі де солай…

Өткенім расымен құнды,
Жүрсем де өзіңнен жырақ.
Еңсере алсам да мұңды,
Ұмыта алмадым бірақ…

Advertisements