Бүгін чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 2 туры старт алады. Бірінші турда сырт алаңда сүрініп кете жаздаған «Реал» футбол клубы енді өз жанкүйеерлерін жерге қарата қоймас.

Әлбетте, өз алаңында Голландияның «Аяксын» қабылдайтын корльдік клубтың ойыны туралы көбік сөз сапырып, көп айтуға да болушы еді. Бірақ қысқа қайырайық, өткен турлардың бірінде «Левантеге» үш ұпай «сыйлап» масқарасы шыққан корольдік клуб енді өз жанкүйерлерін жабырқата қоймас, меніңше бұл ойында «Реал» Мадрид 3 доп айырмасымен жеңіске жететін сияқты. Ал, тур өткен сайын қарқынын үдетіп келе жатқан Мюнхеннің «Бавариясы» «Манчестер сити» командасын екі доп айырмасымен жеңеді. Бұл болжам ғана, сіздер қалай ойлайсыздар?

Advertisements