Қара түн,

Сырт-сырт соғады сағатым.

Жиектен метеор құлады. Секілді.

Оның да жаны жай табатын.

…жер, тарқатар шеріңді,

Шым-шытырық ойлар: Шымшылар теріңді.

Кенет ешбір приборсыз:

Көзіне ғашығы Андромеда көрінді!

Сүйгенмен, өкініш: Қасында қалмайды,

Тек қарашық: Жақын ғып тастайды: Шалғайды.

Ал метеор сүйгенмен: Андромеданы алмайды!

Екі планета:

Тәуекел түбі – өліммен жанасу;

Адасу.

Қара түн осылай айтты аңыз.

Өкініш,

Өтініш:

Ешкімге айтпаңыз!

Advertisements