Титтейден-үлкенге, үлкеннен титтейге талпынып,
Талықсып қалатын Үмітім,
Сабаңа түстің бе, Мәнсіздік мәні де сарқылып,
Жүйкеңнің талшығын тауысып күні-түн.
О, сенің Заңғар-Тау арманың әлі де өлмеген,
Шырқау көк биікте шытынап тұр оның – Қабағы.
Самайын Мәнсіздік Мазмұны Меңдеген,
Реңі Ұялмай-ақ, Ұяттың оты боп жанады.
Бүгіннің реңі – бояусыз сынаптың сұлбасы секілді,
Жолынан жаңылтқан Құрбан қып ғұмырын талайдың.
Ертеңнің атынан шымшылап сөлсіз бетімді:
Бүгіннің кейпіне бағдарлап қараймын…
Бүгіннің бейнесі – сен едің, шынымның, сырымның өлшемі,
Жанымның ДҮНИЕСІН аяусыз тонаған.
Мұңлы боп тұрып-ақ, сүйемін бес күндік мен сені –
Бақытты болсын деп амалсыз сол АДАМ!!!
Қаз 04, 2011 @ 10:07:54
Күшті өлең екен.
Қаз 04, 2011 @ 11:12:32
жаксы екен…жаза бер…жаза бер..
Қаз 04, 2011 @ 11:46:21
ағатай, қарындасыңыз әрең түсінді-ау!!!!! (ұялып қып-қызыл болған смайл)
Қаз 09, 2011 @ 19:18:51
Досым мадес… „Самайын Мәнсіздік Мазмұны Меңдеген,„ бірақ, самайы ма ? жоқ әлде санасын ба? Мүмкін, сөзіңді „санасын„ деп саптасаң, қапарайым қалыпқа „құлатып„ алармын деп қорқатын шығарсың (ескі сүреумен еңбектегенше, жаңа жолмен жүрген жақсырақ деп)… „Реңі Ұялмай-ақ, Ұяттың оты боп жанады.„ бұл жерде типа ұятты біле тұрып, ұятсыздыққа ұрынады деп тұрсың ғой қу бала! Шатастырам деп ойладың ба бізді?)))) Басқа, басқа мен сенің өлеңіңді түсінем ғой… Түсінікті тіркестерге толып тұрмаса да, ойлана қарағанға „Оп-па!„ дегізер орамдарың көп… Ендеше, осылай жалғастыр деп те айтпаймын, жүректен шыққан жазбалар болсын деген тілек-талабым бар! Мына өлеңің жүректен жұлқынып, көңіліңнен көсіліп шыққанына күмәнім жоқ! Жарайсың!!!!!!!!!!!!!!!
Қаз 12, 2011 @ 09:43:09
Жақсы жыр екен.
Қаз 12, 2011 @ 09:51:35
Өлең мықты деуге болады екен.
Қаз 14, 2011 @ 01:04:36
Бырат-ау, сенің қалам сілтесің өзгеше ғой, өзгеше. Ешкімге ұқсамайды