Жетінші бап ештеңеге сылтау бола алмайды

3 пікір

Күрең күздің алғашқы айы қыркүйек те бел ортасынан ауғанда газетімізде «Біздің прокурорлар орыс тіліне «өлердей ғашық» деген тақырыпта мақала жазып, заң саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандардың іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізбейтіндігін нақты дәйекпен айтып, базынамызды тасқа басқан болатынбыз (блокқа да ілгенмін). More

Оқушыға форма, мұғалімге «норма» керек

6 пікір


«Қорғансыздың күні»

 

Шіліңгір шілде күнтізбелік орнын босатып, сарша тамыз да меридианынан ауа бере мұғалім деген мейірбан жаннан маза кетеді. Тамыз кеңесі дейді, түрлі акция дейді, сол акцияға емдеуші, «тойыс» демеуші керек-мыс. More

Мен «бас» десем, Шәметеков «құлақ» дей ме?

Пікір қалдыру

Мәдениет – өркениет мәйегі. Әлбетте қоғамдағы мәдени аураның һәм атмосфераның қалыптасуы үшін идеологияның тұяқ серпер пәрмені мықты болуы шарт. Әдетте әлемде мәдени ортаны түзету үшін әсілі, елдегі  мәдени ахуалды позитивті нотаға қарай бұру үшін идеологиялық жұмыстың бірізділігі алғы шепке ойысады. Біздің мемлекетте де мәдениеттің қадамын қарыштату үшін қарымды шаруалар қолға алынып, тіпті, «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында бірқыдыру шаруалардың да түйіні тарқатылды. Әйткенмен, сол баяғы бір кем дүние жоқ емес. More

Миллиардтар қашан иегеріледі, Дүкенбаев мырза?

Пікір қалдыру


Бүгінде біздің ел «үкілі үміт» етіп, «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына үлкен сенім жүгін артып отыр. Бұл бағдарламаның мақсаты – тәй-тәй басып келе жатқан бизнес сектордың қадамын қарыштату, елдегі жұмыссыздардың санын азайту, кәсіптен нәсіп іздеп, шаруасын жаңа бастаған кәсіп иелерін арзан несиемен қамтамасыз ету, отандық кәсіпорындардың жоқ-жітігіне қолдау көрсету, тағысын тағылар… More

Жағымпаз жыр

10 пікір

Мұны неге жағымпаз жыр деп отыр деулеріңіз кәдік. Расында мен бүгінгі Астанамызбен мақтанамын, оны жақсы көремін. Алайда, базбір «пилосоптар» Астанаға арнау жазған ақындардың сыртынан ғайбат айтуға ынтық. Жағымпаз дейді, басқа дейді. Кім не десе о, десін. Бұл өлең облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған мүшәйрада жеңімпаз атанған еді. Жағымаз деп қабылдасаңыз да, ақын деп қабылдасаңыз да өз еркіңіз… Пышақ сіздің қолда… Үкім де… More

Енді Туды тебетін болдық

4 пікір

Қазақты қойдан момын, жуас халық  деген сайын балақтағы битіміз өрмелеп-өрмелеп басқа шығатын сияқты ма, қалай өзі? Әйтеуір, ұлан-ғайыр жеріне мысқылдап кіріп, мысыңды құртып, шабуыл жасап жатса да, ең асыл құндылықтарының бірі саналатын көк Туын масқараласа да мыңқ етпейтін тоңмойын болып алдық. More

Тортаевтан тал қалды, Астаевтан мал қалды… ал, қазіргі әкім қайда жүр?

2 пікір


Негізі Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданының «қолы» ұзын. Бір елдің астанасы – Бішкек тиіп тұрғандықтан ба, мұндағы халық нарыққа, жаңалыққа толы экономикалық жағдайға тез бейімделгіш. Оның үстіне Қордай облыстағы ең халқы көп, әрі ауылдары тығыз орналасқан аудан. Жамбыл облысы қырғыздармен қойы қоралас, ауылы аралас жатқандықтан, Қордай — айыр қалпақты ағайындарға қараған еліміздің үлкен терезесі, қақпасы іспеттес. Ендеше шекара асып келген шоң қонақ осы кенттің келбетіне қарап-ақ бүкіл Қазақстанның жағдайына баға бере салатыны анық. Осыны түсінген болуы керек, аудан әкімі Ілияс Тортаев соңғы кездері Қордайдың тазалығын мықтап қолға алды. Адамның көзі ең алдымен әдемі дүниеге түседі ғой, қазіргі аудан орталығынан бір тәртіптің, үлкен мәдениеттің иісі сезіледі. More

Older Entries