Туды «ерттеп мініп», сырамызды қыранымызбен жарнамалап жүрміз

13 пікір

 

Айта-айта айтудан да жалықпайтын болды дейтін шығарсыз. Мейлі, құй сеніңіз, құй сенбеңіз, осы біз Көк Туымызды көкте желбіреткеннен гөрі онымен ойынымыз осылғанша «ойнап» масқаралаудан жалықпайтын болып алған сияқтымыз. Өткенде ғой, теріс ілінген туды жазып, артынша доптағы байрағымыздың суретін көріп, көкірегіміз қарс айрыла жаздағаны. Енді міне, шайтанарбаның орындығына көк Туды «желімдеп», жапсырып қоятынды шығардық. More

Advertisements

«Идеальный доқтырлар» немесе ана мен бала өліміне олар шекеден қарай ма?

Пікір қалдыру

«Ел іші бүгінде арыздың кеніші» болып кеткен сияқты. Домалап келіп допша маңдайыңа тиетін де, жыртыңдап жүріп жағаңнан алатын да, сықайып келіп сұлық құлататын да осы арыз болып тұр. Бірақ менің кабинетіме сығалай еніп, миымды сыналай тескен мына арыз сол бір домалақ арызға да, «ескі қарызға да» ұқсамады. Енді… More

Маралтайдың монологы

7 пікір

Маралтай Райымбекұлы хақында қоғам болған соң әр алуан пікір жүреді. Біздің бір білетініміз, ол өте мықты ақын. Оның өлеңдері талайды рухтандырады.Шынын айту керек, адамды көріп білмей жатып, ту сыртынан ғайбат айтатындар бар, біздіңше олай етпеген ләзім. Әрине, көп болған соң пікір де алуан болады. Осы орайда әріптесім, Данияр Әлімқұлдың Маралтайдың монологы атты өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмын, ендігі сөз сіздерде, құрметті оқырман қауым…

Шабытым шала еркелей келіп,

Жатырқап ЖАРЫҚ жанардың мұңын,

Түнекке ессіз ентелей еніп,

Қара түн саған қамалдым бүгін. More

Айхай лимон, пай-пай лимон! Миллионер болғым келеді-ай!!!

9 пікір

Осы біз бала кезімізді танауымыз пысылдап, баданадай көзімізді бағжаң бағжаң еткізіп ауылдағы сәкіде отырып алып: «Ана мәшине менікі, мына мәшине менікі, мен гонщик, боламын, космонавт боламын» деп қиялдап отырушы едік. Әрине, бал күндерде бай да болғымыз келетін. Болам деп те айтатынбыз. Біздікі құры қиял екен ғой. қазір сол еске түссе, айхай лимон, пай-пай лимон дейтін болдық. Құй күліңіз, құй жылаңыз, ауылдың баласы болған соң бар шынымды жайып салып отырмын. Біз сөйтіп қиялдайтынбыз тек қана қиял!!!Ал, Ильхамның баласы ондай емес, оның екі аяғы аспаннан салбырап түскендей ме, қалай өзі? More