Армандар алдама шешемді

2 пікір

Өлең – өңінде, рекңінде өмір болғанда ғана өлең болады. Мен тараздық досым, жас ақын Мәулен Жаппасбайдың осы өлеңіне өлердей ғашықпын. Мәулен өзі біртоға, салмақты жігіт, өлеңінде де салмақтылық, үлкен адамға тән көзқарас байқалады. Досым болған соң Мәуленнен еш рұқсат сұрамастан осы өлеңін блогыма салып, оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдім, оқыңыз, жас ақынның, жалынды ақынның өлеңіне пікір қалдырыңыз.

Бөлмеде шешем мен екеуміз,

Күзгі өмір терезе ар жағы.

Екеуміз қалаға бөтенбіз,

Тірліктің соңында қалғаны. More

Advertisements

Бұзық туралы бұзылған өлең

Пікір қалдыру

Түр-басы – ұсқынсыз, болмысы – бөлек тым,
Жанары – ұшқынсыз, арыны – өр екпін.
Санасы – сұйылған, ойлары – жеңілтек,
Сұлбасы – портреті – тым ұзын – ТЕРЕКТІҢ…
Болмысы – бөлектеу –
Ғаламның Ол үшін жат бәрі.
Ғұмырдың Түйсігін түсініп,
Тірліктің Табалдырығын аттады.
Бақидің тілінде тілдеспей,
Фәнидің ТЫМ ҰЗАҚ ЖОЛДАРЫН
Жаттады.
More

Космология немесе ұшқан рухты іздеу

3 пікір

Таразым – Тұманды Альбион –

Мен түкті аңдамай адастым.

Батыстан гулеген желменен бірге ұшып,

Тұп-тура белінен құшыппын –

Алпауыт ағаштың.

…ғайыптан жоғалған өр рухы,

«Осында екен ғой»

деп қоям Алаштың!

More

Newer Entries