Есет айтқан…

3 пікір

Біздің ұжымда Есет Досалы деген аңқылдақ азамат бар. Тіпті, аузын ашса, жүрегі көрінеді. Оның өкпелегені де, бұртиғаны да қызық. Газеттің пілі атанып кеткен ағамыз қайбір күні бет қатталып жатқанда ашуланып былай деп еді: More

Құлап жатқан белгіні ешкім көрмейді сонда жол полициясының шаруасы машина тоқтатумен шектеле ме…

3 пікір

Аяғыңызды оңға бассаңыз да, солға бассаңыз да, қиыс жолда да, күре жолда да жол ережелерін қатаң сақтауды талап ететін жиектегі белгілердің бар екенін бәріңіз білесіз. Әсілінде жолда жүрудің ережесін бәріміз сақтауымыз керек, сақтаймыз да, қолдан келгенше. Бірақ, осы жүргізушілерді жол қауіпсіздігін сақтауға шақыратын белгілер дұрыс тұр ма, бұрыс тұр ма? More

Поэзия, «Қыртиграмма» Авторы мен емес…

3 пікір

Асхат Қылышбекті біраз жұртшылық айтыскер ақын ретінде таныса, біраз тойшыл қауым асаба ретінде біледі. бірақ осы айтыскерлердің жазбасы қандай екен деп қызыққан жұрт болды ма екен. Асхат өзі бір керемет жігіт, әзілқой, шыншыл, азаматтық позициясы бар азамат. Әлбетте Қылылышбековтың қылыштан өткір тілін айтыстан тамашалаған оқырмандардың назарына оның пародиясын және әп-әдемі өлеңдерін оқи отырудың артықтығы бола қоймас, Асхат мықты ақын, шын айтам, оқыңыз, өкінбейсіз, төменде үш өлеңі тұр… More

Табиғат ішіп кетіпті

18 пікір

Ел болған соң қызық та көп болады екен. Гу-гу, зу-зу әңгімелер толастамайды… Соның бірі маған қатысты болып шықты. Қайдан білейін, ауыл болғасын апта соңында барып тұратыным бар. Сосын бұрын жұмыс істеген жұмыс орныма кіріп шығатын ғадетімнен де арыла алмай-ақ қойдым…

Өзім де әзілқоймын ғой. Кейде өзіме де обал жоқ. Иықтан күліп жүріп бәрін бүлдіретінім бар. Ара-тұра мұнда нағып жүрсің дегендерге қалжыңдап: «Өткенде жұмыс уақытында ішіп отырған жерімнен бастық ұстап алып жұмыстан шығарып жіберіп еді, сонымен жұмыс іздеп жүрмін» деп те қыртып қоятынмын. Көп қыртқанымның кесірі болу керек, жуырда ауылға барып, редакцияда жүрсем жүзі таныс бір жігіт келіп: «Осында жұмыс істеп жүрсің бе?» деді. Мен: «А, иә, екі-үш ай болды» деп қалжыңдай салғаным сол екен: «Брат, сені ішіп Тараздағы жұмысынан шығып кетіпті» деген әңгімені естіп едім, сол рас па?» дейді сабазым…

Ал кеп, қызыл тілімді бұрайын… Одан түк пайда жоқ, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарап кетіпті. Қысқасы: «Табиғат ішіп кетіпті» қой, ішімдікті доғарайын, ха-ха-ха.