Мағынасыз мелодрама

7 пікір


Титтейден-үлкенге, үлкеннен титтейге талпынып,

Талықсып қалатын Үмітім,

Сабаңа түстің бе, Мәнсіздік мәні де сарқылып,

Жүйкеңнің талшығын тауысып күні-түн. More

Advertisements

Эксклюзив – 3

15 пікір

Біраз болды, блогқа қарауға шама келмеді. Енді міне күрең күз келді. Бұл күз де бізге бір жақсылығын әкелсін. Айтпақшы мына өлеңді қазір жаза салдым. Бағасын бересіңдер, қайдасыңдар, бармысыңдар, блоггерлер? More

Эксклюзив – 2

3 пікір

Өткенде ғой, енді өлең жазбаймын деп серт бергенмін, содан блогыма бірнәрсе өргізбесем болмайтын болды. Мақала жазам деп қақала қойғанша, орайы келгенде оңтайын тауып, «былдыр-шумақтарды» жаза қойдым. Ләппәй, тақсыр, деп әміріңізге құлдық ұра қоймасам да, ниеттеріңізді, шындарыңыз бен сындарыңызды естимін ғой деген «арам оймен» осы өлеңді блогка былш еткізе салдым. Оқиы отырыңыз… More

Кешіріңіз…

1 пікір

Кешіріңіз…

Біз жиектен жылай құлаған,

Метеорит – сый боламыз.

Жерде де жанарын жасқа бұлаған,

Пендеміз күннен, түннен, сырт-сырт сағат үнінен –

Жиған аңыз. More

Құшағыңды аш, вордпресс!

2 пікір

Вордпреспен бүгін жылап көрісіп, туысымды көргендей қапсыра құшақтағым келіп тұрғаны. Қой, әрі айта берсем, біраз сырымды ақтарыстырып тастармын. Мен жаңа жазбамды енгіздім, құшағыңды аш, маған вордпрес! Ендігі сөз оқырманда, өлеңге көз тігіңіз… More

Химиямын

6 пікір


Кеше мен –

У іштім –

Сен су ішкен кесемен. More