Негізі Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданының «қолы» ұзын. Бір елдің астанасы – Бішкек тиіп тұрғандықтан ба, мұндағы халық нарыққа, жаңалыққа толы экономикалық жағдайға тез бейімделгіш. Оның үстіне Қордай облыстағы ең халқы көп, әрі ауылдары тығыз орналасқан аудан. Жамбыл облысы қырғыздармен қойы қоралас, ауылы аралас жатқандықтан, Қордай — айыр қалпақты ағайындарға қараған еліміздің үлкен терезесі, қақпасы іспеттес. Ендеше шекара асып келген шоң қонақ осы кенттің келбетіне қарап-ақ бүкіл Қазақстанның жағдайына баға бере салатыны анық. Осыны түсінген болуы керек, аудан әкімі Ілияс Тортаев соңғы кездері Қордайдың тазалығын мықтап қолға алды. Адамның көзі ең алдымен әдемі дүниеге түседі ғой, қазіргі аудан орталығынан бір тәртіптің, үлкен мәдениеттің иісі сезіледі. More

Advertisements